ПАЙДАЛАНУ ҚАҒИДАСЫ (ПАЙДАЛАНУШЫ КЕЛІСІМІ)

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. «Raketa Soft Ltd.» жеке компаниясы (бұдан әрі – Компания) осы Пайдаланушы келісімінде (бұдан әрі – Келісім) баяндалған шарттарда Курьер және өзге пайдаланушылардың арасында байланыс орнату және Платформаның негізінде жұмыс істейтін сервистердің жұмыс қабілеттілігі мен жоғары технологиялылығын көрсетуге мүмкіндік беретін, бағдарламалық жасақтамасын пайдалану арқылы олардың арасындағы мәмілелерді жасау (нақты уақыт режимінде Интернет желісінде жұмыс істейтін Интернет алаңды беру) үшін Платформаның бағдарламалық-техникалық мүмкіндіктерін ұсынады.
1.2. Осы Келісім шеңберінде Платформа деп пайдаланушы мен Курьерге бір-бірімен байланыс орнатуға және мәмілелер жасауға мүмкіндік беруді қамтамасыз ететін, веб-сайт нысанында және/немесе өзге технологиялық нысанда ұсынылған және «Астана Хаб» Халықаралық Технологиялық Парктің қатысушысы болып табылатын Компанияның әзірлеген бағдарламалық жасақтамасын пайдалану арқылы нақты уақыт режимінде Интернет желісінде жұмыс істейтін сервистердің (инфрақұрылымның) қажетті жиынтығы бар Компанияның сауда алаңы түсініледі. Қазіргі уақытта Платформаның қолданыстағы барлық сервистері, сондай-ақ олардың кез келген дамуы және/немесе жаңаларын қосу осы Келісімнің мәні болып табылады.
1.3. Компания Келісімді қандай да бір арнайы хабардар етусіз өзгертуі мүмкін, егер Келісімнің жаңа редакциясында өзгеше көзделмесе, осы абзацта көрсетілген мекенжай бойынша Интернет желісінде Келісімнің жаңа редакциясы жарияланған сәттен бастап күшіне енеді. Келісімнің қолданыстағы редакциясы мына мекенжайы бойынша бетте орналасқан: https://crm.chocodostavka.kz/terms.
1.4. Қандай да бір сервисті/оның жекелеген функцияларын пайдалана бастағанда немесе тіркеу рәсімінен өткеннен кейін Курьер Келісімнің шарттарын ешбір ескертпелерсіз және ерекшеліктерсіз толық көлемде қабылдаған болып есептеледі. Курьер Келісімнің қандай да бір ережелерімен келіспеген жағдайда, Курьер Компанияның сервистерін пайдалануға құқығы жоқ. Егер Компания Келісімнің 1.3-тармағында көзделген тәртіппен Келісімге Курьер келіспейтін қандай да бір өзгерістерді енгізген жағдайда, ол Компания сервистерін пайдалануды тоқтатуға міндетті.
1.5. Компания ешбір жағдайда Курьер мен Платформаның басқа пайдаланушылары арасында жасалған мәміленің тарабы болып табылмайды. Мұндай мәмілелер бойынша барлық сұрақтар Курьер мен басқа пайдаланушылар арасында тікелей реттеледі. Компания Курьер мен басқа пайдаланушылар арасында туындаған кез келген дауларды Платформа арқылы шешудегі оперативтілік деңгейін арттыру үшін ақылға қонымды технологиялық жәрдем көрсетуге ғана құқылы.

2. КУРЬЕРДІҢ ЕСЕПТІК ЖАЗБАСЫ
2.1. Платформаны пайдалану Курьердің тікелей Платформада жасаған есептік жазбасы болса, мүмкін болады.
2.2. Платформада тіркелу үшін Курьер өзі туралы сенімді және толық ақпаратты тіркеуге қажетті көлемде беруге және бұл ақпаратты өзекті күйде ұстауға міндеттенеді. Егер Курьер қате ақпарат берсе немесе Курьердің берген ақпараты толық немесе сенімсіз деп есептеуге негіздер бар болса Компания өз қалауы бойынша Курьердің есептік жазбасын бұғаттауға және өзінің сервистерін (немесе олардың жекелеген функцияларын Курьердің пайдалануына бас тартуға құқылы.
2.3. Есептік жазбаны жасау үшін берілген дербес деректер, осы Келісімнің 5-бөлімінің ережелеріне сәйкес өңделеді.
2.4. Платформаны пайдалану кезінде Курьер Платформадағы есептік жазбаға кіру үшін пайдаланылатын логин мен парольдің құпиялылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Компания Курьердің логині мен паролін үшінші тұлғалардың рұқсатсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілікті көтермейді.

3. ПЛАТФОРМАНЫ ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫ
3.1. Компания Курьерге Платформа сервистерін пайдалану (тапсырыстарды қабылдау) арқылы Курьерді Жіберілім жеткізу қызметтерін жүзеге асыру мүмкіндігімен қамтамасыз ету үшін Платформаны ұсынады.
3.2. Осы Келісімде Жіберілім деп келесі параметрлерге сәйкес келетін жөнелтуге арналған зат түсініледі: ұзындығы – 1,5-ден аспайды, ені – 1 м-ден аспайды, биіктігі – 0,7 м-ден аспайды, салмағы - 20 кг-ға дейін.
Жіберілімде әрқайсысы жоғарыда аталған параметрлерге сәйкес келуі керек бірнеше зат болуы мүмкін.
3.3. Габариттік емес заттардан басқа Курьер келесі заттарды жеткізуге қабылдамайды:
· жауынгерлік қол атыс, азаматтық және қызметтік қару, оқ-дәрілер, оларға арналған қосалқы бөлшектер мен жиынтықтаушылар, спорттық садақтар мен арбалеттер, жарық, түтін және дыбыстық сигналдарды беруге арналған қару, электр қаруы, электрошок құрылғылары және ұшқын ажыратқыштар, суық жүзі бар қару, қолшоқпарлар, кастеттер, сюрикендер, бумерангтар және спорттық снарядтарды қоспағанда, соғу-ұсақтау, лақтыру, шаншу-кесу әрекетінің басқа да бейімделген заттары, қосарланған қолданудың арнайы техникалық құралдары және оларға арналған жиынтықтаушылар;
· есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың аналогтары;
· ядролық материалдар, радиоактивті, күшті әсер ететін, күйдіргіш, жарылғыш және тез тұтанатын заттар, жару құралдары, пиротехникалық заттар және оларды қолданатын бұйымдар және басқа да қауіпті заттар;
· улар, улы жануарлар, улы заттар, улы өсімдіктер және улы өсімдіктердің тұқымдары;
· Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы және шетел валютасы
· Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық үстемдікті, қатыгездік, зорлық-зомбылық және порнография культін насихаттауды немесе үгіттеуді қамтитын баспа басылымдары, бейнелеу материалдары, кино -, фото -, аудио- және бейнематериалдар;
· арнайы қаптамасыз тез бұзылатын тамақ өнімдері;
· өзінің сипаты бойынша немесе қаптамасына байланысты адамдарға қауіп төндіретін, басқа жүктерді, айналадағы адамдарды немесе заттарды ластайтын немесе бүлдіретін (зақымдайтын) нәрселер мен заттар;
· жануарлар мен өсімдіктер, биологиялық материалдар;
· тасымалдау үшін арнайы жабдықталған көлік құралдарын, соның ішінде тамақ өнімдерін қоса алғанда, тасымалдау үшін арнайы жабдықталған көлік құралдарын талап ететін заттар;
· ашық ыдыстағы сұйықтықтар;
· осы Келісімде көзделген габариттерге сәйкес келмейтін заттар;
· арнайы қаптамасы жоқ сынғыш заттар;
· Қазақстан Республикасының аумағында айналымына тыйым салынған немесе шектелген кез келген өзге заттар.
Курьер Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін Жіберілімге қойылатын өзге де талаптарды көздеуге құқылы.
3.4. Курьер Платформа ережелерін, сондай-ақ Курьер мен Компанияның пайдаланушылары немесе Серіктестері арасында жасалған келісімдердің шарттарын сақтауға міндеттенеді. Платформа ережелері немесе көрсетілген келісімдер бұзылған жағдайда Компания жарияланған шарттарға сәйкес Компанияның пайдаланушыларына немесе Серіктестеріне Курьерден айыппұл өндіріп алуда жәрдемдесуге құқылы.

4. КУРЬЕРЛЕРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
4.1. Компания Платформаның инфрақұрылымдық мүмкіндіктері арқылы Курьер және Платформаның басқа пайдаланушылары арасында өзара есеп айырысуды қамтамасыз етеді.
4.2. Компания Курьер қызметтері үшін төлем карталарының деректемелерін сақтауды және төлемдерді өңдеуді жүзеге асырмайды. Курьердің қызметтеріне ақы төлеуге байланысты қолма-қол ақшасыз төлемді қамтамасыз ету және төлемдерді өңдеу төлем ұйымы және/немесе эквайер банк арқылы жүзеге асырылады.
4.3. Курьер қызметі үшін Курьер өз бетінше немесе Курьер өкілі арқылы бақылау-касса машинасының чегін немесе төленген сомаға тауар чегін беруді жүзеге асырады.

5. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
5.1. Осы Келісімді қабылдау арқылы, Курьер Компанияға өзінің Дербес деректеріне қатысты барлық әрекеттерді жасауға келісімін береді.
5.2. Дербес деректер деп дербес деректер субъектісінің, яғни Курьердің анықталған немесе олардың негізінде анықталуына қатысты болған мәліметтер түсініледі. Курьер немесе Курьер келісім жасасқан үшінші тұлғалар берген дербес деректер:
· аты, тегі, әкесінің аты (бар болса), телефон нөмірі, мекенжайы, суреті, жасы;
· электрондық деректер (IP мекенжайы, cookie файлдары);
· Платформаға кіруді жүзеге асырған күні мен уақыты;
· геолокация туралы ақпарат;
· төлем карталарының деректері, Курьер ұсынған, сондай-ақ төлем операциясын жүргізуге қатысатын өзге де тұлғалардан алынған өзге де төлем ақпараты
· Фотосурет
· ЖСН және жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың өзге де деректері
5.3. Дербес деректерді өңдеудің мақсаты – Курьерді сәйкестендіру, Платформаға қол жеткізуді беру, Келісім бойынша міндеттемелерді орындау, Платформаның функционалын іске асыру, үшінші тұлғалармен жасалған келісім бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету, аналитика, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және алаяқтық фактілерін анықтау.
5.4. Дербес деректерді өңдеу тәсілдері – жинау, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу, пайдалану, беру (беру, қол жеткізу), бұғаттау, өшіру, жою.
5.5. Геолокация туралы ақпаратты өңдеу фондық режимде жүргізіледі және Платформаны тек Платформаның жұмыс істеу және Платформаның жұмыс істеу сапасын қамтамасыз ету мақсаты үшін пайдаланған кезде ғана жүзеге асырылады:
· Курьерге жақын жердегі тапсырыстарды тағайындау үшін
· Курьерге тапсыру кезінде Жіберілімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін;
· Курьермен Жіберілімді жеткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін.
5.6. Дербес деректерді беру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда ғана мүмкін болады және осы Келісімде белгіленген мақсаттарда Қазақстан Республикасының заңнамасы немесе Компания мен үшінші тұлғалар арасындағы шарттар негізінде жүзеге асырылады:
· тиісті сұрау салу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Компания Дербес деректерді беруге міндетті реттеуші органдарға, құқық қорғау органдарына, орталық немесе жергілікті атқарушы органдарға, басқа мемлекеттік органдарға немесе сотқа;
· үшінші тұлғаларға, егер Курьер оларға Дербес деректерді беруге келісімін білдірген жағдайда, немесе Курьермен жасасқан белгілі бір келісімді немесе шартты орындау үшін Дербес деректерді беру талап етілсе;
· Пайдаланушы Келісімді немесе Курьермен жасалған өзге шартты бұзған кезде немесе осындай бұзушылық қаупі болған жағдайда Компанияны немесе үшінші тұлғаларды құқықтық қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Дербес деректер берілетін үшінші тұлғаларға;
· Тиісті келісім бойынша Компанияға аналитика қызметтерін ұсынатын үшінші тұлғаларға;
· Компанияға төлем қызметтерін ұсынатын үшінші тұлғаларға.
5.7. Компания Дербес деректерді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздерде мынадай жағдайларда өңдейді:
· Компания мен Курьер арасындағы шарт немесе келісім бойынша міндеттемелерді орындау;
· Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
· Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Компанияның заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін.
5.8. Компания әрқашан белгілі бір мақсаттар үшін қажетті Дербес деректерді өңдейді. Атап айтқанда, мұндай мақсаттарға мыналар жатады:
· Курьерге Платформаға және есептік жазбаға қол жеткізуді беру;
· Платформаның жұмысына қатысты хабарладар етулерді, сұрауларды және ақпаратты жіберу, Курьермен жасалған келісімдерді орындау үшін Курьермен байланысты жүзеге асыру;
· Платформаны модификациялау және жаңғырту;
· Курьер құқықтары мен Компания құқықтарын қорғау;
· статистикалық деректерді, үлкен деректерді және басқа зерттеулерді жинау, өңдеу және ұсыну;
· Платформа, Пайдаланушылар, Компания және/немесе үшінші тұлғалар үшін қауіпсіздік қауіптерін анықтау, соның ішінде Платформаны пайдалана отырып шарттар жасасу кезінде Курьердің сенімділігін тексеру;
· Платформаның инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, төлем ұйымының және/немесе эквайер банктің төлемдерді қабылдауын ұйымдастыру.
5.9. Курьердің қолдау қызметінің мамандарымен барлық сөйлесулері сапаны бақылау және қызмет көрсетуді жетілдіру мақсатында жазылуы мүмкін.
5.10. Курьер Платформаның басқа қатысушыларының деректерін өңдеу үшін жауапкершілікті көтереді.
5.11. Дербес деректерді сақтау мерзімі оларды жинау және өңдеу мақсаттарына қол жеткізу немесе Курьердің Дербес деректерді өңдеуге келісімін кері қайтарып алу күнімен анықталады.
5.12. Курьер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттерді атқарады және өзге де құқықтарға ие болады.
5.13. Курьер мен Компанияның есептік жазбаны өшіру арқылы өзара әрекеттесуі тоқтатылған жағдайда, сәйкестендіргіштер ретінде пайдаланылған, оның ішінде Платформаға қолжетімділікті қамтамасыз ететін Дербес деректерге қатысты Компания осындай деректерді кейіннен Платформада пайдалана отырып, жосықсыз/алаяқтық әрекеттердің алдын алу/болғызбау мақсатында, сондай-ақ Платформада ақпараттық-техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында статикалық (мұрағаттық) сақтауды жүзеге асыруға құқылы.

6. КОМПАНИЯ СЕРІКТЕСТЕРІ
6.1. Компания Серіктестері Choco компаниялар тобына кіретін тұлғалар, сондай-ақ Компаниямен тиісті шарттары/келісімдері бар өзге тұлғалар болып табылады
6.2. Компания және Компания Серіктестері өз қызметін өз бетінше де, экожүйе шеңберінде де жүзеге асыруға құқылы
6.3. Компанияның серіктестері Курьермен немесе Курьер өкілімен Курьерге сыйақы беру талаптарын, тапсырыстарды орындау тәртібін және өзге де талаптарды қамтитын шарттар жасасуға құқылы.

7. ӨЗГЕ ШАРТТАР
7.1. Келісімдегі ешнәрсе Курьер мен Компания арасындағы агенттік қатынастарды, серіктестік қатынастарын, бірлескен қызмет қатынастарын, жеке жалдау қатынастарын немесе Келісімде тікелей көзделмеген басқа қатынастарды орнату ретінде түсінілмейді.
7.2. Егер қандай да бір себептермен осы Келісімнің бір немесе бірнеше ережелері жарамсыз немесе заңды күші жоқ деп танылса, бұл Келісімнің қалған ережелерінің жарамдылығына немесе қолданылуына әсер етпейді.
7.3. Курьер Қазақстан Республикасының заңнамасын, Компания қағидаларын, осы Келісімнің ережелерін, сондай-ақ қоғамдық мораль мен адамгершілік нормаларын сақтауға, Компания өкілдерінің, пайдаланушылардың және Платформадағы өзге де тұлғалардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорламауға міндеттенеді.
7.4. Жоғарыда көрсетілген шарт бұзылған жағдайда Курьерді осы бұзушылық туралы ескерткеннен кейін Компания Пайдаланушының есептік жазбасын өшіру жолымен осы Келісімнің орындалуын тоқтатуға құқылы. Компания Платформаға, Платформаның қызметтеріне және қатысушыларына қатысты Платформаның тиісті бөлімдерінде жарияланған бағалаудан, пікірлерден және т.б. тұратын хабарламалар мен өзге ақпаратты модерациялауды жүзеге асыруға құқылы.
7.5. Тапсырысты қабылдай отырып, Курьер мұндай тапсырыстың қайтару қызметін немесе Курьер орындауы керек нұсқауларды орындауды қамтуы мүмкін екенін мойындайды.
7.6. Курьер қызмет көрсетуші ретінде өзі ұсынатын қызметтердің нәтижесі үшін толық жауапкершілікті көтеретінін мойындайды. Осыған байланысты бас тарту, қызметтерді дұрыс көрсетпеу, тапсырыстың орындалуын жалғастырумүмкіндігінің болмауы немесе тоқтатуға байланысты, басқа пайдаланушыларға Курьердің іс-қимылдарымен байланысты қауіп-қатерлер үшін өтемақы төлеу және т.б. байланысты қосымша шығындар туындауы мүмкін.
7.7. Алкоголь, темекі өнімдері сияқты акцизделетін тауарларды жеткізу кезінде Курьер алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жасқа толғанына көз жеткізуі тиіс. Егер алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жасқа толмаған немесе оны тиісті құжаттармен растамаса, Курьер тапсырысты бермеуге және оны жіберушіге қайтармауға немесе Платформада немесе Компания серіктесінен алынған нұсқауларға сәйкес әрекет етуге міндетті.
7.8. Келісім және оның орындалуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.
7.9. Курьер Платформаны «сол күйінде» принципі бойынша қолданады. Компани сервистердің Курьердің талаптарына сәйкес келгеніне/сәйкес келетініне; сервистер үздіксіз, жылдам, сенімді және қатесіз берілетініне; сервистерді пайдалану арқылы алуға болатын нәтижелер дәл және сенімді және қандай да бір мақсатта немесе қандай да бір сапада (мысалы, қандай да бір фактілерді анықтау және/немесе растау үшін) болатынына; сервистерді пайдалану арқылы алынған қандай да бір өнімнің, қызметтің, ақпараттың және т.б. сапасы Курьердің үмітіне сәйкес келетініне кепілдік бермейді.
7.10. Курьер Компанияның кез келген уақытта өз қалауы бойынша себебін түсіндірместен, бұл туралы арнайы хабардар етусіз Курьердің есептік жазбасын бұғаттау жолымен осы келісімді орындаудан бас тартуға құқылы екендігімен келіседі.
7.11. Компания Курьердің Платформаны және/немесе Платформа сервистерінің жекелеген бөліктерін/функцияларын пайдалануы салдарынан болған кез келген залал түрлері үшін жауапкершілікті көтермейді.

8. КОМПАНИЯ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
«Raketa Soft Ltd.» жеке компаниясы
БСН: 210840900237
Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Әлихан Бөкейхан көшесі 42/1, 4-кеңсесі, Z05T5M0
Нақты мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Байзақов көшесі, 280
Телефон: +7 (727) 326-99-02
Электрондық пошта: ok@raketa.city